Жаңалық

Komatsu FD15T-21 — Қазақстандағы ең танымал вилкалы жүк тиегіш

Kaz
Вилочные погрузчики Komatsu FD15T-21 Қазақстан бойынша сатылым көшбасшылары болып табылады. Бұл туралы Komatsu техникасының ресми дистрибьюторы — «Аспан Карагай Машинери» компаниясының сату статистикасы дәлелдейді.

Жуырда Komatsu FD15T-21 вилочный погрузчигінің кезекті партиясы тұрақты клиентке жөнелтілді. Клиент бұл брендті теңдессіз сенімділігі, жоғары өнімділігі, оператор үшін арттырылған жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жоғары бағалайды.
Қазақстан нарығына арнайы Komatsu техникасы отынды үш сатылы тазалау жүйесімен жеткізіледі, сондай-ақ стандартты жинақтамада іштен жану қозғалтқышының картерін қорғайтын болат қорғаныс орнатылған.
Komatsu вилочный погрузчиктері ықшам өлшемдерімен, жоғары клиренсімен және жүк көтергіштігінің жақсы қалдық көрсеткішімен ерекшеленеді. Сондай-ақ клиенттер техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындардың төмендігін және иелену құнының тиімді екенін атап өтеді.