Жаңалық

Аспан Карагай Машинери TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінде

Kaz
Алматы, Қазақстан — Қазақстандағы Komatsu техникасының ресми дистрибьюторы Аспан Карагай Машинери компаниясы 2025 жылғы 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында, Тимирязев көшесі 42 мекенжайында орналасқан «Атакент» көрме кешенінде өтетін TransLogistica Kazakhstan 2025 — «Көлік және логистика» атты 28-ші Қазақстандық халықаралық көрмеге қатысатынын жариялайды.

TransLogistica Kazakhstan — Орталық Азиядағы логистика, көлік және қойма жабдықтары саласындағы жетекші өндірушілерді, жеткізушілерді және сала мамандарын біріктіретін маңызды алаң. Көрме Komatsu Central Asia компаниясымен бірлесіп өткізіледі. Аспан Карагай Машинеридің бұл көрмеге қатысуы компанияның қоймалық және логистикалық техника нарығындағы сенімді серіктес әрі көшбасшы ретіндегі мәртебесін тағы да растайды.

Көрме аясында компания қоймаларда, логистикалық орталықтарда және өндірістік нысандарда тиімді жұмыс істеуге арналған ең жаңа үлгілерді қоса алғанда, Komatsu вилочный жүк тиегіштерінің кең модельдік қатарын ұсынады. Келушілер техниканың техникалық сипаттамаларымен танысып, мамандардан кеңес алып, арнайы ұсыныстар туралы ақпарат ала алады. Сонымен қатар, көрме барысында жаңа дилердің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

«Біздің мақсатымыз — Komatsu вилочный жүк тиегіштері саласындағы озық технологияларды таныстырумен қатар, клиенттермен және серіктестермен әріптестік қатынастарды нығайту, Қазақстан мен өңірдің логистикалық инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу», — деп атап өтті Аспан Карагай Машинери компаниясының бас директоры.
Тегін кіруге арналған промокод: TRA7N9KTCN. Билеттерді көрменің ресми сайтынан рәсімдей аласыз.