Жаңалық

Сатылымның сәтті басталуы: Komatsu жүк тиегіштері

Kaz
Әлемге өзінің сенімді әрі тиімді техникаларымен танымал Komatsu бренді «Аспан Карагай Машинери» компаниясының күш-жігерінің арқасында қазақстандық кәсіпорындар үшін бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті.
Komatsu жүк тиегіштерін сату мен жеткізудің басталуы кәсіпорындарға қойма логистикасының тиімділігін арттыруға, тиеу-түсіру жұмыстарына кететін шығындарды азайтуға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Komatsu сияқты заманауи әрі сенімді техникаларға инвестиция салу – қазіргі нарық жағдайында бизнесті табысты дамытудың кепілі.
Komatsu – әлемдік жүк тиегіштер нарығында өзін дәлелдеген бренд, алайда Қазақстанда әлі де жеткілікті бағаланбай келеді. Біз осы жағдайды өзгертуді өз алдымызға мақсат етіп қойдық. Ынтымақтастықтың алғашқы күндерінде-ақ Komatsu FD15T жүк тиегіштерін клиенттерімізге жеткізіп үлгердік, қазіргі таңда бірнеше жоба іске асырылу үстінде. Алдағы жоспарымыз – сатылым көлемін одан әрі арттыру. Komatsu компаниясымен серіктестік орнату шешімін біз бизнесіміз үшін ең табысты қадамдардың бірі деп санаймыз, – деп пікір білдірді «Аспан Карагай» компаниясының бас директоры Леонид Мишакин.